2021 жылғы Африка ұлттары чемпионатының финалында кім ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионаттың трофейіне Мали мен Марокко таласады. Олар жартылай финалда Гвинея мен Камерунды жеңген еді.

Турнир финалы 7 ақпанға жоспарланған.

Еске сала кетейік, Африка халықтарының чемпионатына түзде ойнап жүрген легионерлер қатыспайды, тек ішкі чемпионаттағы футболшылар қатысады.