Ресейлік ЦСКА футбол клубы Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Ла-Унион» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Матч 6:2 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді.

ЦСКА сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов екінші таймда алаңға шығып, 21 минут өнер көрсетті.

ЦСКА сапынан гол соққандар: Наир Тикнизян, Владислав Яковлев, Илья Шкурин, Федор Чалов, Ильзат Ахметов, автогол.