Футболшылар Рафкат Аслан, Кирилл Шестаков және Максим Марусич «Каспийден» кетті. Олар Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келмеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы Рафкат Аслан Қазақстан жастар құрамасында ойнады. «Ертіс», «Атырау», «Ақтөбе», «Тобыл» секілді командалардың намысын қорғады.

Кирилл Шестаков бұрын «Қайрат» сапында ойнаған.

Максимум Марусич Украина жастар мен жасөспірімдер құрамаларының ойындарына қатысқан, Латвияның «Елгава» және РФШ клубтарында өнер көрсетті.