Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Химкиден» кетті. 27 жастағы футболшы Қазақстан чемпионатына оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қуатқа бірден екі клуб қызығып отыр. Оның біріншісі осы маусымда ҚПЛ-ға оралған - «Ақтөбе».. Футболшы «ақ-қызылдар» сапында 2012 маусымда ол жалда ойнады. 16 ойында 1 гол соқты.

Тағы бір клуб - «Астана». Prosports.kz хабарлағандай, «Самұрық-Қазына» бұл трансферді құптаған. Кезінде астаналық клуб қатарында Қуат 4,5 жыл ішінде 30 матч қана өтізді.

«Химкимен» келісім-шарт бастапқыда 2021 жылдың маусым айының соңына дейін жасалған еді. Ресейлік клуб трансфер үшін қаражат сұрай ма, әлде тегін жібере ме - ол жағы белгісіз.