Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) бірінші орта салмақтағы үш титулды жеңіп алған жекпе-жекте әнұранға қатысты дау туды.

Қазақстандық өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куернавака қаласында өткізді. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болды.

Садриддин жекпе-жекке шығарда Қазақстанның емес, ол жаттығатын Канада елінің әнұраны қойылған. Айқастан соң бокс әлеуметтік желіде кеш ұйымдастырушыларға наразылығын жеткізгенін айтты.

Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белбеуді жеңіп алып, кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо өзінің төртінші жеңілісіне ұшырады.