Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Ақтөбеде бокстан ел біріншілігі өтеді.

2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты 31 қаңтар – 6 ақпан аралығында Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында өтеді.

Пандемияға байланысты санитарлық нормалар қатаң сақталып, жарыс көрерменсіз өтеді.