Биатлоннан Еуропа ашық чемпионатында ерлер арасында жекелей жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Александр Мухин мәреге 20-шы болып келді. Данил Белецкий - 95, Бекентай Тұрлыбеков - 11, ал Әсет Дүйсенов 112-орындарды місе тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша латвиялық Андрей Растургаев жеңімпаз атанды. Норвегиялық Эрленда Бьотегарда күміспен медальмен марапатталса, оның отандасы Эндре Стромшейм қола жүлдеге қанағат білдірді.