2020 жылы 14-16 ақпан аралғында Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен өткен Әлем Кубогы кезеңінде Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал өткен жылы қаңтар-ақпан аралығында параллельді фристайл-могулдан Анастасия Городко 1450 ұпай жинап, Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды. 22-23 ақпан аралығында Жапонияның Тазавако қаласында фристайл-могулдан өткен Әлем Кубогы кезеңінде Дмитрий Рейхерд күміс медаль иеленді.

Сонымен қатар 25-28 ақпан аралығында Алматы облысында фристайл-акробатикадан өткен Әлем Кубогы кезеңінде Жанбота Алдабергенова тұғыр биігінің үшінші сатысына жайғасты.