Әйелдер күресінен Қазақстанұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

24 қаңтардан бастап жаттығу жиынына кіріскен бұрымды балуандар бүгінде физикалық тұрғыдан шеберліктерін шыңдауда.

Аталған жиынға өңірлерден 26 бозкілем шебері шақыртылған. Қатысушылар арасында құрама үздіктері Жамиля Бақбергенова, Валентина Исламова, Татьяна Ахметова және Екатерина Ларионовамен 2020 жылғы ел біріншілігінде үздік үштікке енген балуандар бар.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан жаттығу жиыны 6 ақпанға дейін жалғасады.