UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегінде Дастин Порье Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осылайша, Порье UFC тарихында (жеңіл салмақта) нокауттар саны бойынша бірінші орынға көтерілді. Америкалық файтер UFC-де 7 рет нокаутпен жеңіске жетті.

Бірақ жеңіл салмақта жеті рет нокаутпен жеңіске жеткен тағы екі спортшы бар. Олар:

Эдсон Барбоза - 7

Мелвин Гиллард - 7

Айта кетейік, Абу-Дабидегі UFC 257 турнирінде Порье Макгрегорды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал осыдан жеті жыл бұрын өткен қос файтер арасындағы алғашқы кездесуде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Ал осы кеш аясында Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов швед спортшысы Амир Альбазиден жеңіліп қалды.