23 қаңтарда Мәскеуде шаңғы акробатикасынан әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар арасында Жанбота Алдабергенова ғана үздік нәтиже көрсеттіі. Ол әйелдер арасындағы финалда 80.32 көрсеткішімен жетінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды америкалық Винтер Винецки (94.11), екінші орынды аустралиялық Лора Пил (92.72), үшінші орынды канадалық Мэрион Тено (90.59) иеленді.

Басқа қазақстандық спортшылар қорытынды хаттамада келесі орындарды иеленді: Ақмаржан Қалмұрзаева - 16 (69.89), Аяна Жолдас - 17 (69:82), Маржан Ақжігіт - 24 (52.60).

Фристайлдан әлем кубогы кезеңі (Мәскеу)

Шаңғы акробатикасы (әйелдер, финал)

Винтер Винецки (АҚШ) - 94.11Лора Пил (Австралия) 92.72Мэрион Тено (Канада) - 90.59... 7. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) - 80.32