Нидерландта конькимен жүгіруден әлем кубогының кезекті кезеңіне Қазақстан құрамасы қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Роман Креч А дивизионында ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта 15-орынға ие болды (35.176).

Әйелдер арасындағы А дивизионында дәл осындай нәтижені тағы бір Қазақстан өкілі Екатерина Айдова көрсетті (38.399).