Алматыда бокстан 2003-2004 жылғы туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Ел біріншілігін Қазақстан бокс федерациясы мен Алматы қалалық бокс федерациясы бірлесіп өткізіп жатыр.

Қазақстан чемпионаты Республикалық спорт колледжінің ғимаратында өтеді. Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша бапкерлер 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына команда жасақтайды.

Жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді.