Жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (12-1, 5 КО) жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы спортшының жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Виктор шаршы алаңға 19 ақпанда шығады. Ұлыбританияда өтетін бокс кешінде ол ирландиялық өкілі Гэри Каллимен (11-0, 5 КО) кездеседі. Олар WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағын сарапқа салады.