Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев допинг-сынақтан өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz BoxingScene сайтына сілтеме жасап.

Ресейл3к боксшының қанынан синтетикалық тестостерон табылды. Тиісті хабарламаны боксшы VADA ұйымынан алды. Осылайша, Ковалев пен Бектемир Меликузиевтің 30 қаңтарға жоспарланған жекпе-жек өтпеуі мүмкін.

Еске салайық, 37 жастағы Ковалев рингке соңғы рет 2019 жылдың қараша айында өткізіп, мексикалық Сауль Альварестен нокаутпен жеңіліп қалды. Осылайша, ол WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды.

Өзбекстандық Меликузиевпен жекпе-жек Мәскеуде өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ кейін бұл кездесу АҚШ-қа ауыстырылатыны туралы хабарланды.