Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Кубаға аттанды.

Қазақстандық боксшылар кубалық әріптестерімен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Аталған жиынға ұлттық құрама сапындағы және қосалқы құрамдағы боксшылар шақырту алған.

Спортшыларға Ғалымбек Кенжебаев, Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Аскар Еркебаев сынды бапкерлер басшылық жасайды. Дайындық екі аптаға созылады.

Кубаға аттанған боксшылар қатарында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, Азия чемпионатының жүлдегері Зәкір Сафиуллин, әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және аса ауыр салмақта ел чемпионатының жүлдегері Айболды Дәуренұлы бар.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан ерлер командасы Токио Олимпиадасына мүмкін болған 8 жолдаманың барлығын да жеңіп алған.