Этникалық қазақ файтер Дамир Исмағұлов оқу-жаттығу жиынын Алматыда өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жиын. Қазақстандық Dar Team командасының сапында дайындалып жатырмын. Бабыма келген соң көктемде жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап жатырмыз. Күрес, бокс, ММА – барлық спорт түрінен жаттығып жүрмін», – дейді файтер.

Айта кетейік, жеңіл салмақта бұрынғы М-1 чемпионы Дамир Исмагулов UFC туы астында 2018 жылдың желтоқсан айынан бері өнер көрсетіп келеді. MMA әлемдегі жетекші лигада ол үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Соңғы кездесуінде ол 2019 жылы 31 тамызда Шэньчжэньде бразилиялық Тиаго Мойзеді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.