Қазақстандық файтер Нұрберген Шәріповтің октагонға қашан оралатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз 26 ақпанда өтетін Absolute Championship Akhmat (ACA) турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы - ресейлік Расул Мирзаев.

Нұрберген Шәріпов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізген. Ол ресейлік Тамерлан Кулаевты (11-2) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал Расул Мирзаев ол наурызда тағы бір қазақстандық Арман Оспановпен (11-3) кездесіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберген еді.