Шәріпов келесі жекпе-жегін қашан өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық файтер Нұрберген Шәріповтің октагонға қашан оралатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Жерлесіміз 26 ақпанда өтетін Absolute Championship Akhmat (ACA) турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы - ресейлік Расул Мирзаев.
Нұрберген Шәріпов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізген. Ол ресейлік Тамерлан Кулаевты (11-2) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал Расул Мирзаев ол наурызда тағы бір қазақстандық Арман Оспановпен (11-3) кездесіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберген еді.