Катар астанасы Дохада дзюдодан жылдың алғашқы турнирі - Masters бәсекесі жалғасуда. Бүгін Қазақстан атынан сынға түскен Дидар Хамза алғашқы айналымды ұтылды.

Дидар бірінші кездесуде өзбекстандық Шарафуддин Балтабаевпен жолыққан болатын. Тартысты кездесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ.

Ал "Алтын ұпай" кезеңінде "ваззари" ұпайын иеленген өзбекстандық дзюдошы жеңіске жетті.