Бүгін, 11 қаңтар күні Дохада дзюдодан әлемдік Masters турнирі басталады. Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып, жарыстың тікелей көрсетілімін назарларыңызға ұсынады.

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге ерлер 60 және 66, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде белдеседі.

Қазақстан сапынан 60 келіде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, ал 66 келге дейінгі салмақта Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов татамиге шығады. Турнир елорда уақытымен сағат 13:00-де басталады.