El Desmarque сайтының хабарлауынша, «Реал Мадрид» ойыншысы Винисиус Жуниор «Челсидің» назарына ілікті. «Ақсүйектер» 20 жастағы бразилиялықты Лондоннан бір жыл бұрын кеткен Эден Азардың орынын баса алады деп сеніп отыр.

Айта кетейік, Мадридтің «Реалының» бас бапкері Зинедин Зидан Винисиусты биыл қыста жалға жібермекші.

Биылғы маусымда бразилиялық Ла Лиганың 15 ойынында 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.