Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Abu Dhabi WTA Women's Tennis Open жарысын сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші айналымдағы кездесуде отандасымыз америкалық София Кенинмен кездесті. Матч 2 сағат 40 минутқа созылып, 6:3, 6:7, 4:6 есебімен Путинцеваның қарсыласының пайдасына шешілді.