Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) WTA турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз 1/8 финалда ресейлік спортшы Дарья Касаткинаны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді. Келесі айналымда ол Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездеседі.

Назарларыңызға Рыбакинаның Касаткинамен кездесуінен видеошолу ұсынамыз.