«Астана» мен Ұлттық құраманың жетекші қорғаушыларының бірі Дмитрий Шомко Волгоградтың «Роторымен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт жайлы қанша уақытқа жасалғаны жайлы ақпарат әлі белгісіз.

30 жастағы Шомко «Астана» сапында жеті маусым ойнап, Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған еді.

Дмитрий Ұлттық құрамада 45 матч өткізіп, екі гол соқты.

Шомко «Астана» қатарынан еркін агент ретінде кетті.

Prosports.kz-тің эксклюзивті серіктесі Transfermarkt.de порталы Дмитрий Шомко 1,5 млн еуроға бағалап отыр.