Қазақстандық жас футболшы Азамат Смағұлға Өзбекстанның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, Алматы футболының түлегі мансабын Өзбекстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

18 жасар футболшы жақын уақытта көрші елдің командасында қаралымнан өтеді. Дәл қазір қандай командалардың қызығушылық танытқаны белгілсіз.

Айта кетейік, Азамат Смағұл мансабын «Жетісудың» жастар командасында бастаған. Сондай-ақ ЦСКА және «Қайраттың» жасөспірімдер командаларында доп тепті.