Қазақстандық теннисші Александр Бублик Анталиядағы ATP сериясындағы турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Бублик француз Тристан Ламазинді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 38 минутқа созылды.

Ширек финалда Александр Бублик Маттео Берреттини (Италия) - Димитар Кузманов (Болгария) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.