Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) WTA турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирде алтыншы нөмірмен еленген Рыбакина 1/8 финалда ресейлік спортшы Дарья Касаткинаны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың жартылай финалына шығу үшін Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкомен күш сынасады.