Ақтөбелік спортшылар жаңа жылда керемет сыйлыққа ие болды. «Жас қуат» бағдарламасының аясында қаладағы ауыр атлетика залының салтанатты түрде ашылуы өтті.

Жиынға өңірдегі спорт саласының басшылары мен танымал спортшылар қатысты. Залға күрделі жөндеу жүргізіліп, қабырғалары, төбесі мен едені толықтай жаңартылған.

Сондай-ақ, ауыр атлетика федерациясы заманауи лицензияланған үш құрылғы мен екі балалар зілтемірін сыйға тартты.

Айта кетелік, «Жас қуат» бағдарламасы бойынша еліміздің 11 аймағындағы залдар жаңартылды. Аталған бағдарлама еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға арналған.