Ауыр атлетикадан 2021 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайтын мемлекет анықталды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы аталған сын Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді.

Әлем біріншілігі 5-18 наурыз аралығында өтеді деп жоспарлануда. Жарысқа қатысу үшін 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін өтінімдер қабылданады.