Ауыр атлетикадан онлайн режимде өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінің тағы бір жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі мынадай.
89 келі, ерлер:
Баударбеков Ренат (Қостанай облысы) - 344 келі (149+195)
Жақанша Арыстанбек (Қызылорда облысы) - 342 келі (148+194)
Макеев Михаил (Қостанай облысы) - 315 келі (140+175)
96 келі, ерлер:
Нұрғиса Әділетұлы (Алматы) - 372 келі (167+205)
Мейрам Сұлтан, (Алматы) - 315 келі (140+175)
Қалдыбек Нұрдәулет, (Қызылорда облысы) - 295 келі (135+160)
Кеше Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы дода аяқталды. Жалпыкомандалық есепте 446 ұпай жинаған Алматы облысы топ жарды. Екінші орында Қызылорда,үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысы жайғасты.
Комментарии