Байдарка мен каноэ есуден Азиялық іріктеу турнирі Тайландта өтеді.

Аталған құрлықтық бәсеке Паттайяда өтеді деп жоспарланған. Азия іріктеу додасында спортшылар 11-14 наурыз аралығында өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетерлігі, байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасында қазірше жолдама жоқ.