Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа жылдағы жаттығу жиынына кіріседі деп хабарлайды Olympic.kz.

Оқу-жаттығу жиыны 12 қаңтарда басталып, 7 ақпанға дейін жалғасады. Команда Түркістан облысындағы "Алма Тау" базасында жаттығады.

Садақ атушылар үшін жылдың беташар жарысы ақпан айында өтеді. Қазақстан чемпионатын 9-16 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы қабылдайды.