Формула-1 жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон «Мерседес» командасымен жаңа келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

35 жастағы британиялық шабандоз Формула-1 тарихындағы ең қомақты келісімшартқа отырады. Алдағы екі маусымда ол 70 миллион еуро табыс табады. Оған қоса келісімшартқа отырғаны үшін 2,5 миллион еуро сыйақы алып, құны 2,7 миллион еуро болатын сирек кездесетін AMG Project ONE көлігін сыйға алады.

Бұған дейін Льюис Хэмилтон немістің «Даймлер» командасымен келіссөз жүргізіп, 50 миллион еуро мөлшерінде жалақы сұраған. Алайда артынша неміс клубы шабандоздан бас тартты.