Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Юлия Путинцева Абу-Дабидегі WTA турнирін сәтті бастады. Бірінші кезеңде Путинцева әлемнің 85-і ракеткасы, италияндық Мартина Тревизанмға қарсы ойнаған болатын. 1 сағат 23 минутқа созылған матчта Юлия Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бүгін тағы бір қазақстандық спортшы Зарина Дияс та жарысты бастайды. Оның қарсыласы - ресейлік Екатерина Александрова.