ATP 250 Antalya Open турниріне жеребе тарту нәтижелері белгілі болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 7 қаңтар күні өзінің алғашқы кездесуін итальяндық Сальваторе Карусоға қарсы өткізеді.

Турнирге қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев (жекелей сында / квалификацияда) және Александр Недовесов (украиналық Денис Молчановпен жұпта) өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, жұптық сынның бірінші айналымында Александр Бублик / Андрей Голубев-Давид Гоффин / Пьер-Юг Эрбермен кездеседі.