«Оқжетпестің» 2021 жылға арналған бюджеті 1,5 миллиард теңге шамасында болады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау клубының ойыншылар мен жаттықтырушылар алдында үш-төрт айлық жалақы, сондай-ақ бонустар мен демалыс төлемдері бойынша қарыздары бар.

ҚПЛ-2020 маусымының соңында «Оқжетпес» соңғы, он бірінші орынды иеленіп, Бірінші лигаға ұшып кетті. Андрей Карпович клубтан кетті.