Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 5 қаңтарда қызылордалық «Қайсардың» жарғылық капиталының 51 пайызы сатылды. Клубтың қазіргі директоры Серік Досманбетов аукционның жеңімпазы атанды.

Қайта сатып алу мүмкіндігі бар сенім мерзімі бес жылды құрайды. Сауда-саттықта жеңімпаздан меншік профилін сақтау талап етіледі Ол қатысу үлесін иеліктен шығаруға немесе кепілге салуға әкеп соқтыратын іс-әрекеттер жасай алмайды. 51 пайыз сенімгерлік басқаруға берілген.

Бұған дейін клуб Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының балансында болған. Досманбетов - бұрын танымал қазақстандық шабуылшы және функционалист. Ол бірнеше маусым «Қайсардың» намысын қорғады. Сонымен қатар ол «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Жетісу» және «Шахтер» командаларында ойнады.