Бразилиялық файтер Гилберт Бернс (19-3) UFC 258 турнирі аясында Камару Усманмен (17-1) жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

UFC 258 турнирі 13 ақпанға жоспарланған. Қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр, бірақ келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Жекпе-жек бес раундқа жалғасады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, Бернс соңғы жекпе-жегін 2020 жылы мамырда өткізді. Аталған кеште ол Тайрон Вудлиді төрешілердің шешіммен жеңген болатын.