Қазақстандық файтер Руслан Сариев (12-0) ресейлік Eagles Fighting Championship промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Arlan MMA командасы инстаграм желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

23 жастағы спортшының EFC-мен келісімі төрт жекпе-жекке арналған. Сариевтің ресейлік промоушен туы астындағы алғашқы жекпе-жегі 22 ақпанда Мәскеуде өтеді. Жерлесіміз Мансур Малачиевпен (8-0) кездеседі. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақтағы (56 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Айта кетейік, Руслан Сариев ММА-дағы алғашқы кездесуін 2016 жылдың шілдесінде өткізген. Төрт жылда ол 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның соңғы жекпе-жегі былтыр желтоқсан айында Алматыдағы GFC 23 турнирінде өтті.

Айта кетерлігі, Сариев EFC-мен келісімшартқа отырған төртінші қазақстандық файтер. Бұған дейін аталған промоушенмен Жасұлан Әкімжан, Санжар Әділов және Сәбит Жүсіпов келісімшарт жасасқан болатын.