«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Бразилиялық футболшы Испания чемпионаты аясындағы «Эйбарға» қарсы ойында (1:1) жарақат алған болатын.

Каталониялық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Коутиньо кем дегенде төрт ай бойы алаңға шыға алмайды.