Туриндік «Ювентус» шабуылшысы 35 жастағы Криштиану Роналду 2020 жылы Еуропаның үздік бес лигасы бойынша үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роналду А сериясында 33 гол соқты. Ал «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски неміс Бундеслигасында соққан 32 голымен екінші орында тұр.

Рейтингтің үшінші орыны А сериясында 28 гол соққан римдік «Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобилеге бұйырды.