Щучинск қаласында волейболдан Ұлттық лига ерлер командасы арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл ойын аптасы турнир кестесіне айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ. Көш басында жеті кездесудің бәрінде жеңіске жеткен «Буревестник» командасы орналасқан. Оларда 18 ұпай бар.

Екінші орындағы «Маңғыстау» командасында да 18 ұпай бар. Ал үшінші орында «Тараз» командасы келе жатыр. Аталған команда "Атырау" командасын басып озды.