Әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасындағы 29-шы ел біріншілігі Семей қаласында өтті. 20-29 желтоқсан аралығында байрақты бәсекеге жалпы саны 8 команда қатысты.

Нәтижесінде, Алматы облысыные "Жетісу" командасы үздік атанды. Солтүстік Қазақстан облысының "Қуаныш-2" волейбол командасы екінші орыннан көрінсе, павлодарлық "Ертіс" үшінші орынға жайғасты.