Қазақстандық файтер Руслан Сариевтің (12-0) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз 22 ақпанда Мәскеуде өтетін Eagle Fighting Championship турнирінде өнер көрсетеді. Аталған кеште Сариев ресейлік Мансур Малачиевпен (8-0) жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақтағы вакантты EFC белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Arlan MMA Pro командасының өкілі соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 25 желтоқсанында өткізген болатын. Ол кездесуде Сариев бразилиялық Матеус Браунсты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Асу Алмабаев: Бір айда бес қарсыласым ауысты