Биатлоннан Қазақстан кубогының екінші кезеңінде әйелдер арасында спринттік жарыста жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Павлодар облысының өкілі Дарья Климина жеңіске жетті. Ол ату кезінде мүлт кетпей, 7,5 шақырымды 0:21:37 уақыт көрсеткішінде жүріп өтті.

Екінші орында - Людмила Ахатова (Қарағанды облысы), үшінші сатыда Алина Коломиец (Ақмола облысы). Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде А. Крюкова, А. Скрипкина және М. Геневалар үздік үштікке енді.