Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогының екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Жарыстың екінші күнінде әйелдер арасында 10 км қашықтықта еркін жүріс бойынша жекелей жарыстар өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша Ангелина Шурыга үздік атанды. Ол 10 км қашықтықты 27:11,9 уақытта бағындырды.

Ольга Мандарика (+5.7) екінші орыннан көрінсе, Валерия Тюленова (+9.3) үшінші орынға жайғасты.