Алматыда ММА-дан Alash Pride 37 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуі қазақ файтері Азамат Бақытов (4-0) пен Қырғызстан өкілі Хабибулла Аскарбек уулу (3-1) арасында өтті. Турнирдің басты оқиғасында қазақстандық көрші елдің өкілін техникалық нокаутпен тізе бүктірді.