Алматыда өтіп жатқан Alash Pride 37 турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірінде қазақстандық Асхат Әкімов (5-1-1) пен Қырғызстанның файтері Каныбек Жаныбек уулу (11-7) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асхат Әкімов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кету керек, қазақ файтері соңғы кездесуін 2019 жылдың қарашасында FCA 4 турнирінде өткізген еді. Ол ресейлік Заур Магомедовтен жеңілген.