«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 15-турының «Вальядолидпен» матчында рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Squawka Twitter-де жазғанындай, Лионель Месси кездесудің 65-минутында «Валадолидт» қақпасына доп соғып, бір клубтағы гол саны бойынша аты аңызға айналған бразилиялық Пеленің рекордын басып озды. Енді 33 жастағы аргентиналықтың есебінде 644 гол бар, ал Пеледе 643 гол бар.

«Футболшы болғанда рекордтарды бұзамын деп ойламаппын. Оның үстіне, Пеленің өзі орнатқан рекордты жаңарттым. Маған көмектескен әрбір жанға алғысымды айтамын. Әріптестеріме, туысқандарыма, достарыма және маған күнде қолдау көрсеткен әрбір адамға көп рақмет», – деп әсерімен бөлісті Месси Instragram-парақшасында.

2020/2021 маусымында Лионель Месси барлық турнирлерде «Барселона» сапында 18 кездесуде 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.